Сәрсеке М. Т.1. Нашар пьеса 500 рет қойылмайды: 7 драма, солар төңірегіндегі қитұрқы оқиғалар.- Астана: Фолиант, 2013.- 512 б.
Шығыс Қазақстан өңірінде туған дарын иелерінің «Алтай-Ертіс кітапханасы» атты көп томдық кітаптар сериясына жазушының баспадан 2006 жылы жарық көрген «Таңдамалы шығармаларының» 6 томдығына енбеген сүбелі еңбектерімен қосылып отыр. Әрбір әдеби шығарманың өзіне тән жазылу және халыққа жету тарихы болатыны - өмірлік қағида, олай болса, жазушының мына жинағы ұлағаты мен өкініші мол, көбіне сәтті оқиғалармен өрілген.
Қаламгер бұл жинағындағы түсініктерді де өзіне тән шыншыл мәнермен баяндап, өткен уақыттың таңғаларлық әрі шерлі жайттарын тақырыбы өткір драмаларымен жанастыра әңгімелеп, оқырманды бейжай қалдырмайды. Осыдан да жазушыны жаңа қырынан танимыз.
Сәрсеке М. Ноқталанған тарихшы. Ермұхан Бекмахановтың шерлі тарихы: деректі ғұмырнама.- Алматы: Қазақ университеті, 2015. - 571 б.
«Ноқталанған тарихшы» ғұмырнамасында деректі жанрдың шебері Медеу Сәрсеке шерменде тарихшының өмірін әсірелеусіз баяндап, оның жолын кескен қаскүнем замандастарының есімдері де, қастандық әрекеттері де ҰҚК-нің жабық мұрағатынан алған деректермен нақты сипаттайды. Кешегі кер заманның қитұрқы зауалын бүкпесіз ашып, билік басындағылардың сорақы қиянаттарын бей-жай қалдырмайды.
Сәрсекеев М. Көмбе: роман, повесть.- Алматы: Жазушы, 1985. - 416 б.
Медеу Сәрсекеевтің шығармасы бүгінгі таңдағы ең бір көкейкесті мәселеге арналған. «Көмбе» романы арқылы ұлт әдебиетінде дәстүр болып қалыптасқан, ауыл адамдарының қарапайым тірлігін суреттеумен халыққа танылған, шет жұрттарға да әйгілі болған роман, хикаяттар легіне тың жаңалық, жаңа соқпақ салып, өндіріс тірлігін көрсеткен туынды.
Сәрсеке М. Қазақтың Қанышы: роман-эссе. – Алматы: Атамұра, 1999. – 592 б.
оман түрінде сомдалған шығарма – бір ғана Қаныш Имантайұлының өмір жолы еместігі, жазушы шығармасының барлық нұсқасында қазақ топырағында қарыштап туған индустрия ошақтары мен ғылым өрістеуінің нақты тарихының кең ауқымда суреттелуі, олай болса ғұмырнама ғұлама тұлғасын ұлт мәдениетінен айырмай, ұлт тарихының өсу, өркендеу, қалыптасу жолымен бірге қарастырған.
Сәрсеке М. Шығармалары. Төртінші том. Қазақтың Қанышы: деректі ғұмырнама-роман. - Астана: Фолиант, 2015. - 640 б.
Мемлекеттік жабық қоймаларда ұсталған көптеген мұрағатты әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ғалым, қайраткер Қ.Сәтбаев туралы замандастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пайдаланып, ғалым ғұмырнамасын қиял-қоспасыз, шынайы оқиғалармен қызықты өріп, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтаған. Қаныштай дара дарын өмірін әсірелеусіз ұлықтаған ғұмырнама туынды ел асылын ардақ тұтқан қауымды бейжай қалдырмайды.